Құрылтай депутаттары вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдады

Құрылтай депутаттары вице-президент лауазымына Ерлан Қаринді тағайындауға келісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дауыс беру қорытындысы бойынша вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасы депутаттардың басым дауысымен қолдау тапты.

Мемлекет басшысы вице-президент лауазымына ұсынылған кандидатураны қолдағаны үшін Құрылтай депутаттарына ризашылығын білдірді.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы вице-президентті жаңа шақырылымның алғашқы сессиясы басталғаннан кейін екі ай ішінде Құрылтайдың келісімімен тағайындауға тиіс екені хабарланды.

Бұл лауазымға бірқатар қатаң шектеу қойылады: вице-президентке кәсіпкерлікпен айналысуға, жұмысын басқа ақы төленетін қызметтермен қатар алып жүруге, депутаттық мандатқа ие болуға және партияларда мүше болуға тыйым салынады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!