Құрылтай депутаттары премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновті тағайындауға келісті

Құрылтай депутаттары премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновті тағайындауға келісті
Фото: primeminister.kz

Құрылтай депутаттары премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновті тағайындауға келісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олжас Бектенов туралы не белгілі?

Олжас Бектенов 1980 жылы Алматыда дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

2005-2006 жылдары - премьер-министрі кеңсесінде заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.  

2006-2009 жылдары - Президент әкімшілігінде қызмет етті.

2009-2012 жылдары - Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.

2012-2014 жылдары - Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы.

2015-2016 жылдары - Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, Президент әкімшілігі басшысының хатшылығында меңгеруші.

2016-2017 жылдары - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті басшысы.

2017-2018 жылдары - Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

2018-2019 жылдары - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.

2019-2022 жылдары - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы сәуіріне дейін - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.

2023 жылғы 3 сәуірде Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда премьер-министр болып тағайындалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget