Құрылтай депутаттары министрлерді қызметінен босата алады

Құрылтай депутаттары министрлерді қызметінен босата алады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Құрылтай депутаттарына министрлерді қызметінен босатуды талап ету құқығын беру ұсынылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында сенатор Нұрлан Бекназаров мәлімдеді.

"Жеке нормада Құрылтай депутаттарының кемінде үштен біріне Үкімет мүшелерінің қызметі бойынша есеп беруіне бастамашы болу, сондай-ақ, заңдар орындалмаған жағдайда есепті тыңдау қорытындысы бойынша Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы Президентке өтінішпен жүгіну құқығы бекітілген", - деді депутат.

Сенатордың айтуынша, мұндай жағдайда Президент Үкімет мүшесін қызметінен босатады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget