- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Құрылғыға қысылып қалған"....
"Құрылғыға қысылып қалған". Оралдағы зауытта қызметкер қайтыс болды
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Оралдағы зауытта қызметкер қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 27 мамырға қараған түні болған. БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 02.53-те кірпіш зауытында ер адам кәсіпорындағы құрылғыға қысылып қалғаны туралы хабар түскен. 51 жастағы ер адам жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған.
БҚО еңбек инспекциясы басқармасы қызметкердің қазасының мән-жайын анықтайтын арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.
"Оның нәтижесі тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады. Тергеу 10 жұмыс күні жүреді. Қажет болған жағдайда бұл мерзім ұзартылады", - дейді ведомство өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина