Құрылғы сынып кетті: арбадағы әйел құлап түсті

Құрылғы сынып кетті: арбадағы әйел құлап түсті
Фото: Видео кадры

Астанада мүгедектігі бар әйелді көтеріп тұрған көтергіштің бекітпелері ажырап кетті. Соның салдарынан әйел арбадан құлап түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Патриотқа" сілтеме жасап.

Оқиға азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотта болған. Құрылғы төмен құлап, зардап шеккен әйел арбадан түсіп, бетон қоршауға соғылған. Әйелдің бетінде үлкен ісік қалған. Оны алып жүрген көмекші оны ұстап үлгермеген. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айнур Балакешова (@patriotkaragandy)

Зардап шеккен әйел - бірінші топ мүгедегі, омыртқасын жұмыста жарақаттаған. Қазір ол емделу мен оңалтуға өтемақы төлеуді сот арқылы талап етіп жүр. Оқиға болған күні сот процесіне өзі қатысу үшін келген.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда №1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірінші топ мүгедегінің соққыға жығылғаны туралы туыстары хабарлаған. Олар мемлекеттік органдарды тексеріс жүргізуге шақырып, өңірлік полиция тергеуді бастаған еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget