Әуе ұшағында тамақ алып жүру мәселесі - жолаушылар үшін бітпейтін "бас ауруы". Әсіресе бұл құртқа қатысты: біреуге ол ұшу кезінде таптырмас жеңіл ас болса, енді біреуге - туған-туысқа апарар сыйлық, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Threads әлеуметтік желісінде бір қолданушы әлі күнге дейін өзекті сұрақ көтерді: қалааралық әуе рейстерінде қышқыл сүт өнімдерін алып жүруге бола ма?
"Сұрақ. Үйде жасалған құртты қол жүгінде алып өтуге бола ма?" - деп жазды ол.
Әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қатты қышқыл сүт өнімдерін, соның ішінде құртты қол жүгінде алып жүруге рұқсат етіледі.
"Олардың салмағына қатысты арнайы шектеу жоқ, ең бастысы - қол жүгінің жалпы салмағы әуе компаниясының ережесіне сай болуы керек", - деп нақтылады компания өкілдері.
Ал қышқыл сүтті сусындарға қатысты талап қатаңырақ. Қымыз, шұбат, айран және басқа да сұйық өнімдерді ұшақ салонына алып кіруге болмайды.
"Мұндай сусындарды жүкке өткізуге рұқсат бар, бірақ олар салқындатылған күйде және өндірістік қаптамада болуға тиіс. Қаптамада тауардың штрих-коды, өндіруші туралы ақпарат көрсетілуі қажет. Сондай-ақ, көлемі бір жолаушыға 5 литрден аспауы керек", - деп түсіндірді компания.
Бұл әуе компаниясында сүт және қышқыл сүт өнімдерін тасымалдауға болады, бірақ қатаң шарттармен.
Қаптамаға да қосымша талаптар бар:
SCAT әуе компаниясында ережелер одан да қатаң: қышқыл сүт өнімдерін әрі тіркелген багажда да, әрі қол жүгінде де тасымалдауға тыйым салынады.
Ерекшелік тек:
Air Astana ережелерінде құрт пен басқа қышқыл сүт өнімдерін тасымалдауға тікелей тыйым көрсетілмеген. Дегенмен жолаушылар тағам алып жүруге қатысты жалпы талаптарды ескеруі керек.
Мысалы, ағып кетудің және жағымсыз иістің алдын алу үшін өнім тек берік әрі бүтін қаптамада қабылданады. Қаптама кемінде үш қабаттан тұруы керек, ал бірінші және соңғы қабат міндетті түрде тығыз полиэтиленнен жасалуға тиіс.
Дайын тағамдарды тасымалдауға да шарт бар: олар сұйық қоспасыз болуы және герметикалық қаптамамен жабылуы қажет.
Сапарға құрт немесе басқа қышқыл сүт өнімдерін алмас бұрын, нақты әуе компаниясының талаптарын алдын ала қарап шыққан дұрыс.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!