Күрт құбылады: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 16, 17, 18 cәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

16-18 сәуір аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райына екі жағдай әсер етеді: батыстан шығысқа қарай жылжитын циклон салдарынан ауа райы тұрақсыз болып, жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда қатты жауын-шашын жауады. Кейін солтүстік, шығыс және орталық өңірлер солтүстік антициклонның ықпалына өтіп, соған байланысты ауа температурасы төмендейді.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, ал солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда көктайғақ болуы мүмкін.

16, 17 сәуірде солтүстікте түнгі ауа температурасы -1…-8 градусқа дейін, күндіз +1…+8 градусқа дейін төмендейді. 18 сәуірге қарай шығыста түнде -2…-18 градусқа дейін өзгерсе, күндіз 0…+13 градус шамасында болады. Елдің қалған аумағында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз