Франция президенті Эмманюэль Макрон X әлеуметтік желісінде өз елінде мемлекеттік сапарда жүрген Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне орай қазақша жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Макрон жазбаны екі тілде жазды: қазақ және француз.
"Қош келдіңіз құрметті серіктес, құрметті дос. Сіздің мемлекеттік сапарыңызбен біз Қазақстан мен Францияны, қазақстандықтар мен француздарды біріктіретін терең достықты атап өтудеміз", - деп жазды Франция президенті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!