Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда және Маңғыстау облыстары бойынша департаменті Таяу Шығыстан Қазақстанға жеткізілген есірткіні анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
21 маусымда Маңғыстау облысында 10 келі гашиш өткізу кезінде Қазақстанның 2 азаматы ұсталды. Тінту барысында олардан 50 грамм апиын, 4 000 АҚШ доллары және 4 миллион теңгеден аса қаражат алынды.
Есірткі арнасын ұйымдастыруда түзеу мекемесінде осындай қылмыс жасағаны үшін отырған шетелдік күдікке ілініп отыр.
Сотталғанның есірткі арнасына қатысы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның көмегімен құжатталған. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!