- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- құрманың пайдасы
Құрманың адам ағзасына жұрт білмейтін пайдасы бары айтылды
Гастроэнтеролог Екатерина Кашух құрманың құрамында көптеген пайдалы микроэлементтер бар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі life.ru сайтына сілтеме жасап.
Қандай дәрумендер бар?
Кашухтың айтуынша, құрма дене жасушаларын қорғайтын антиоксиданттарға бай. Олардың арасында А дәрумені, сондай-ақ оның каротиндері бар. Олар көру қабілетін сақтауға көмектеседі.
Сонымен қатар бұл жемісте С, Р және В дәрумендері, жүрек-тамыр жүйесі мен иммунитетке пайдалы калий мен магний де бар. Тіпті асқорытуды жақсартатын талшықтар да бар деп қосты дәрігер.
Кімдерге сақ болу керек?
Дәрігер қант диабетімен ауыратын адамдар құрманы сақтықпен қолдануы керек, өйткені олар қандағы қанттың кенеттен көтерілуіне әкелуі мүмкін екенін түсіндірді. Асқазан-ішек ауруларының шиеленісуімен ауыратын адамдарда құрма құрамындағы таниннің жоғары болуына байланысты асқазанда ауырлық тудыруы мүмкін.
Маман кеңесі
Құрманың түрлеріне қатысты да тұтыну мөлшерін сақтаған абзал дейді Екатерина Кашух.
"Құрма - негізгі тағамдарды алмастырмайды, десе де диета үшін таптырмайтын әрі дәмді қосымша. Жаңа піскен түрлерінде ең көп қоректік заттар бар. Кептірілген немесе құрғақ құрманың калориясы жоғары, сондықтан оларды аз мөлшерде, мысалы, жұмыста немесе жаттығу алдында жеңіл тамақ ретінде тұтыну керек", - деп түйіндеді сарапшы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Литпин