Әнші, ақын Құрманай Бахтиярқызы әлеуметтік желідегі парақшасында телефоны қолды болғанын айтып, видеодағы адамды көргендерден полицияға хабарласуын сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, телефонды алып кеткен адам екі жылдан бері ұстатпай жүр.
"Қымбатты оқырмандар!!! Мынау екіжүзді жігіт менің телефонымды ұрлап кетті. Телефон мейлі ғой, қаншама тойын маған сеніп отырған жандар бар. Өтініш 87785550355 нөмеріне ватсапқа шығыңыздаршы. Абай болыңыздар, мынаны көргендер, милицияға звандасын. Екі жылдан бері ұстатпай жүр екен", - деп жазған ол.
Желі қолданушылары әншіге телефоны табылуына тілек білдіріп, видеодағы жігітті сынға алған:
Аллаға тапсырыңыз! Алланың өзінің есебі бар!
Масқара, не болып кеткен заманға?
Не деген сұмдық?
Алла жар болсын. Телефоныңыз табылсын. Уайымдамаңыз!
Табылады Құдай қаласа, көпшілікпіз ғой.
Ұят болған екен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!