- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күрестен әлем чемпионы...
Күрестен әлем чемпионы сүйіктісін тойдан қуып жіберді: қалыңдық қазір қайда жүр?
2020 жылы күрестен әлем чемпионы Зауырбек Сидаков пен Мадина Плиева дүркіретіп той жасады, бірақ ол жанжалмен аяқталды. Күйеу жігіт қалыңдықты оны отбасының, достарының және қонақтарының алдында қарабет қылғаны үшін тойдан қуып шықты.
Зауырбек пен Мадина қалай танысты?
Олардың оқиғасын көпшілік бір көргеннен ғашық болу деп айтады. Мадина итін серуендетіп жүрген, ал Зауырбек оны көлігінің терезесінен көріп, танысуға бел буады. Олардың қарым-қатынасы жылдам дамиды. Олар бір-бірін 2020 жылдың сәуір айында кездестіреді, сол жылдың тамыз айында той жасайды.
Жанжал не үшін пайда болды?
Салтанатты тойға 500 қонақ шақырылды, олардың арасында танымал тұлғалар да болды. Той екі күнге созылды. Бірінші күні неке қию салтанаты болды. Жанжал тойдың екінші күні туындады. Күйеу жігіттің ата-анасының, достарының және Зауырбектің өзінің ұялы телефонына қалыңдыққа қатысы бар видео келген. Видео жіберген автордың айтуынша, қалыңдық бұрын эскорттық қызмет көрсеткен.
Тойға қатысқан адамдардың айтуынша, Зауырбек ұялы телефонға келген видеодан кейін ашуға беріліп, Мадинаның шашынан ұстап, банкет залынан далаға шығарып жіберген. Той бірден тоқтатылған. Туыстары спортшы ақымақтық жасамауы үшін оны қаланың шетіне жіберген. Ал қалыңдықты тойдан қуып жіберіпті.
Мадинаның жанжалдан кейінгі өмірі
Расталмаған ақпарат бойынша, Мадина тойдан кейін келесі күні өз-өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ туыстары оны уақытында тоқтатқан. Мадинаны Мәскеуге алып кеткен. Ол тойдан кейінгі жағдайды ауыр өткеріп, ұялы телефонының нөмірін ауыстырып, әлеуметтік желідегі барлық аккаунтын жауып тастайды.
Біраз уақыттан соң 2020 жылдың қарашасында ол әлеуметтік желіні қайтадан жүргізіп бастады: суреттер мен видиеолар жариялап, оқырмандарымен сөйлесіп жүреді. Ол оқырманының қойған бір сұрағына қазір жалғыз екенін, бірақ өз бақытын табатынына үмітін үзбейтінін жазған. Алайда Мадина 2021 жылдың наурыз айында аккаунтын қайтадан өшіріп тастаған. Ол содан бері әлеуметтік желіге оралмады.
Көпшіліктің ойынша, Мадинаның жанұясының материалдық жағдайын ескеретін болса, оның эскортпен айналысқаны күмән тудырады. Кей БАҚ өкілдері бұл Мадинаның бұрынғы жігітінің ісі екенін жазды.
Зауырбек бұл болған оқиға жайлы ешқандай пікір білдірмеді.
А. Жапатова