Күрестен әлем чемпионаты: қазақстандық үш балуан жартылай финалға өтті

Күрестен әлем чемпионаты: қазақстандық үш балуан жартылай финалға өтті
Фото: olympic.kz

Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде қазақстандық үш балуан жартылай финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

60 келідегі Оңдасын Хамитов, 67 келідегі Юсуф Ашрапов және 82 келідегі Ислам Евлоев әлем біріншілігінің жартылай финалында белдеседі. 

Одан бөлек, тағы екі балуанымыз қола жүлдеге таласады. Олар - Айбек Айтбеков (55 келі) және Темірлан Тұрдыақын (87 келі). 

U20 әлем чемпионаты 6 қыркүйекке дейін жалғасады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан