Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде әйелдер күресінен белдесулер басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әйелдер күресінен 50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Лаура Ғаниқызы әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады.
Лаура турнир барысында Польша және АҚШ балуандарын жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын.
Алайда финал жолдамасы сарапқа салынған белдесуде Лаура Ғаниқызы жапониялық Харуна Морикаваға есе жіберді.
Енді қазақстандық балуан әлем чемпионатында үздік үштікке ену үшін барын салады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!