Қызғаныш - әйелдер арасындағы достықта кездесуі мүмкін сезім. Құрбыңыздың сізге қызғанышпен қарайтынын қандай белгілерден байқауға болады?
Үнемі салыстыру
Егер құрбыңыз өзін үнемі сізбен салыстырып, өзінің жетістіктерін атап өтуге тырысса немесе керісінше, сіздің жетістіктеріңізді төмендетуге тырысса, онда бұл қызғаныштың белгісі болуы мүмкін.
Қолдағысы келмеу
Егер құрбыңыз сіздің табысыңызға, бақытты сәттеріңізге қызығушылық танытпаса немесе олардың мәнін төмендетуге тырысса, бұл көре алмаушылықтың белгісі болуы мүмкін.
Құндылығыңызды төмендету
Егер құрбыңыз сіздің құндылығыңызды түсіріп, жетістіктеріңізге күмәнмен қараса немесе кемшіліктеріңізді табуға тырысса, бұл көре алмаушылықтың белгісі.
Реніш сезімі
Құрбыңызға өзіңіз немесе жетістіктеріңіз жайлы айтып бастасаңыз, ол ренжитін бірдеңе табады. Сондай-ақ, өз-өзімен ашуланып шығады, себебін сұрасаңыз, сіздің қатысыңыз жоқ екенін айтады. Әрине, бұл жағдайда ол шынымен басқа нәрсеге ашулы немесе ренжулі болуы мүмкін. Бірақ егер бұл жағдай әркез сіздің жетістігіңіз жайлы әңгіме кезінде туындаса, бұл ойлануға себеп.
Пассивті-агрессивті әрекет
Егер құрбыңыз пассивті-агрессивті мінез-құлық көрсетсе, мысалы, сіз туралы қауесет таратса, сыртыңыздан жағымсыз пікірлер айтса немесе ым-ишара арқылы қызғанышын білдірсе, онда ол сізді көре алмайды.
Сондай-ақ кейде жаныңызда токсик адамдар болуы мүмкін. Токсик доспен қарым-қатынас кезінде тепе-теңдік бұзылады: сіз құрбан рөліндесіз, ал ол сізге эмоционалды қысым түсіреді және психологиялық зақым келтіреді. Токсик дос сізді одан басқа жақын дос жоқ екеніне және ешқашан болмағанына сендіреді және сізге тек жақысылық тілейтінін айтады. Мүмкін, ол бұған өзі де сенеді, бірақ оның сізге деген қарым-қатынасы қарама-қайшы нәрсені көрсетеді. Досыңыздың қандай әрекеттері сізді ойландыруы керек? Мына жерден оқыңыз.