Қоғам белсендісі Ләззат Рақышеваға әлеуметтік желідегі парақшасына кезекті жантүршігерлік хат келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен де өз тағдырымды бөлісейн деп шештім. Мен ол кезде 1к урс студенті едім. Үйде жататынмын, сол күні құдай айдап жатақханаға бардым. Ауылдан ерте келген болатынмын. Бір дос қызымды кездестіріп, ол 1 күн қасына серік болып, қонуымды өтінді. Түн ішінде 2-лер шамасында қаланың балалары кіріп есік қаға бастады. Екеуміз қорқып, халат киіп, есікке бардық. Есікті ашпасақ сындыратын болды. Солай бір топ жігіттін ортасында қалдық. Қалай сойлессек те олар бізді аяйын деп тұрған жоқ. Құрбым екеуміз құтылмайтынымызды түсіндік.
Бар ойымыз қашу болды. Қасымдағы қыз екеуміз терезеге қарап, бір-бірімізді түсіндік. Құрбым бар екпінімен 5-қабаттан қарғыды. Артынан мен жүгірдім. Ана жігіттер маған кедергі жасамақ болып, жұлқылады. Бірақ менің ойым тек құтылу болды, жауыз екенін түсіндім. Қалған күйімде де мені зорлап, терезеден лақтырып кететін еді. Секіргенде пакет іліп қоятын шегеге ілініп қалдым, жұқа халаттың белбеуі үзілді де, мен төмен қарай бұтыма кіші дәретімді жіберген күйі тарс ете қалдым. Сөйтсем қатты соғылыппын, одан қоршауға соғылып, есімді жоғалттым. Оң жағым бірден сал болып қалды. Қозғала алмаймын, бұтым су. Қатты аязды боран еді. Есімді біраз жатқан соң жинадым.
Есімді біраз жатқан соң жинадым да қатты шыңғырдым. Қасымдағы қызым қалың қарға құлапты. Құдай сақтап оған ештеңе болмады. Көмек шақырамын деп кеткен, келе қоймады. Менің дауысымды қонақтан қайтқан отбасы естіп, қасыма келді.
Жолдасы сыртқы киімін жауып мені ораған болды. Полиция, жедел жардем бәрі келді. Түнде күрделі операция жасалды. Бел омыртқам 2-3 жерден сынып кеткен. Кейін топ жігіттерден, тек бір жігіт сотталды, 3 жылға. Жазасын өтеп келген соң қайтты деп естідім. Мен ол адамның кім екенін де білмеймін. Отбасылы екен. Ол адамды кешірдім. Жастықтың қызуымен от басқан болар. Кейн балдақпен жүріп, оқуымды аяқтап, дипломымды алдым. Содан бері 30 жыл өтті. 6-7 операция жасаттым. Әлі денсаулығым дұрыс емес.
Жұмысқа жарамаймын. Бел деген денені ұстап тұратын тірек қой. Көп жүрсем, аяғым ақсап, жүрмей қаламын. Оң аяқ дұрыс емес.
(...) Ешкімге мен секіріп мүгедек болдым деп алақан жайған емеспін. Алланың берер ырыздығы таусылмасын!Қазір осы өмірде зорлық, қорлық көрген қыз-келіншектер көп. Ондай қорлау көрсеңіз тез шешім қабылдаған жөн", - делінген хатта.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!