- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Құрбыларыма "кино түсіргім...
"Құрбыларыма "кино түсіргім келеді, ақша беріңдер" дедім. Дариға Бадықова кино түсіруге қанша ақша жұмсағанын айтты
Танымал актриса Дариға Бадықова кино түсіруге қанша ақша жұмсағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. Оның айтуынша, актриса екі құрбысынан қаржылай көмек сұраған.
"Таиландта маған идея (кино түсіру туралы - еск.) келді. Менің өзі екі құрбым бар. Сол екі құрбыма Таиландтан қоңырау шалып, "кино түсіргім келеді, ақша беріңдер" дедім. Ақша берді. Олар ауқатты, ішіп-жемдері мол. Әзірге ақшаны, байлықты жүректеріне салмаған. Өнерге салды. Үлкен алғыс. Адам адамға себепкер ғой. Таиландтан келгеннен кейін сценаристермен кездесіп, әйелдік образдан шығайын деген өзіме жанашырлық болды. Режиссерлер, продюсерлерді түсінемін. Олар актердің образы бір бағытқа келіп тұрса, солай ала береді. Сол себептен, өзім-өзіме жаным ашыды. Таиландта жүргеннен Олжас түседі деп ойладым. Басқа таңдау да болған жоқ. Киноға 108 миллион теңге кетті. Соның 8 миллионын өз қалтамнан шығардым. Фильмнің түсіріліміне қатысқан барша жандарға қолымнан келгенше, өз деңгейімде гонорар бердім. Ешкімді ренжітпедім деп ойлаймын", - деді актриса.
Айта кетейік, Дариға Бадықова - актриса. Ол "Келінжан" сериалында түсіп, танымал болды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек