Құрбанов пен Карими Әлем кубогі кезеңінде қола жүлде жеңіп алды

Құрбанов пен Карими Әлем кубогі кезеңінде қола жүлде жеңіп алды
Фото: ©Olympic.kz / Сали Сабиров

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде еркін жаттығулар бағдарламасы бойынша қола жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық спортшы финалда Израиль спортшысы Артем Долгопят пен АҚШ өкілі Иваи Юнносукеге жол берді.

Осылайша Милад төрешілердің шешімімен 13.966 ұпай жинап, Әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды.

Бұл жарыста тағы бір қазақстандық Нариман Құрбанов та жүлделі болды. 

Гимнаст ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетіп, шешуші бағдарламада 14.233 ұпай жинады. Осы нәтижемен Құрбанов Әлем кубогі кезеңін үшінші орынмен аяқтады.

Дәл осы бағдарламада Зейнолла Ыдырысов сегізінші орынға тұрақтады.

Ал алтын медальді армениялық Гамлет Манукян (14.633 ұпай) жеңіп алды. Күміс жүлде қытайлық Тянлун Гаоға бұйырды, оның еншісінде 14.400 ұпай.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget