Биыл маусымда Құрбан айт болады. Massaget.kz тілшісі ҚМДБ деректеріне сүйеніп, Құрбан айтқа қатысты маңызды сұрақтардың жауабын тапты.
Биыл, 2023 жылы Қазақстанда Құрбан айт 28-30 маусым аралығында мерекеленеді. Бұл туралы ҚМДБ 2023 жылғы діни күндер кестесінде жарияланған.
2023 жылы Құрбан айт 28 маусымға сәйкес келеді, бұл қазақстандықтарға қосымша демалыс береді.
Аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер:
26 маусым, 27 жұмыс күні, 28 маусым демалыс, 29 маусым, 30 жұмыс күні;
Алты күн жұмыс істейтіндер:
26 маусым, 27 жұмыс күні, 28 маусым демалыс, 29, 30 маусым және 1 шілде жұмыс күні.
Құрбан дегеніміз - мұсылман баласының өз еркімен немесе нәзір себепті яки Құрбан айт күндері Алла Тағаланың разылығына бөленуді ниет етіп, Жаратушыға жақындаудың, құлшылық етудің бір амалы ретінде құрбандыққа шалынатын мал.
Біріншіден, Алла өзіне мал-мүлік пен білім берген адам. Бұл кісі мал-мүлкін Алла жолында жұмсайды, туыстарына қарайласып, байлығы мен дүние-мүлкінде Алланың ақысы бар екендігін біледі. Бұл - ең жоғарғы дәреже.
Екіншіден, Алла өзіне білім берген, бірақ мал-мүлік бермеген адам. Бұл адам жақсы ниетпен «егер менде де байлық болса, менде оны Алла жолына жұмсайтын едім» деген ниетте болады.
Үшіншіден, адам баласы құрбандық шалу арқылы мұқтаждарға қайырымдылық жасап, мейірімділік танытады.
Басты талап - құрбандыққа таңдап алынған малдың сау, мінсіз болуы керек.
Құрбандық шалудың белгілі уақыты бар. Құрбандықты одан алдын немесе кейін шалуға болмайды. Уақытынан бұрын шалған құрбандық өз отбасы үшін сойылған мал секілді. Ол құрбандық болып есептелмейді.
Ал Құрбан айттан кейін шалса, оның етін садақа ету уәжіп болады, одан өзі жемейді. Құрбандық шалу уақыты айт намазы оқылатын жерлерде айт намазынан кейін, ал айт намазы оқылмайтын ауылдарда таң атқаннан соң басталып, айттың үшінші күні күн батқанға дейін жалғасады.
Қырғызстанда, Ресейде (Мәскеуде), Өзбекстан, Түрікменстан, Қытайда Құрбан айт 28 маусымда басталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!