- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Құран оқып ұзату...
"Құран оқып ұзату не масқара!" Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева діни салттарды сынады
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева тойды садақаға айналдырып алғандарды сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алжыған Уахаптар! Қыз баланы құран оқып, өлік жөнелткендей ұзатқан не масқара. Көрген көзде жазық жоқ. Уахаптар салт-дәстүрге қарсы болсаңдар, құран оқып ұзатқанша, ұзату тойын жасамай, үйлерінен жібере салсаңдаршы, салт-дәстүрімізді қор қылмай", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Дәстүрлі әнші қыз ұзату қазақ халқының салт-дәстүріне жататынын айтып, мұны арабтардың дәстүрімен араластырмауды құптайтынын жеткізді.
"Қыз ұзату салт-дәстүрімізге жатады. Аялап өсірген қызын, жат ұяға беру - қимастығының белгісі. Араптарда күң-құл сату, әйелдің билігі екінші орында болғандықтан, қазақтың дәстүріндей қыз балаға құрметі жоқ. Тойды садақаға айналдырған, садақа мен қыз ұзату салт-дәстүрді айыра алмаған дүбара сауатсыздар. Уахап шейхтарыңа ұнаймын дегенше, өле қалыңдар, қазақ болмай кеткірлер", - деп ашулы жазба жариялады дәстүрлі әнші.
Айгүл Елшібаеваның жазбасынан дінді дұрыс ұстанбай жүргендерге қарсы ашу-ыза байқалады.
"Ұлтымыздың тәрбиелі, мағыналы қыз балаға ақ тілегімен құрмет көрсеткен салт-дәстүрін садақаға айналдырмаңдаршы. Ислам діні, Абу Ханифа мазхабын ұстаған қазақ неше ғасыр мұндай сұмдықты көрмеген шығар! Осылардыкі дұрыс па, ағайын?", - деп жазды ол желіде.
Айгүл Елшібаеваның әлеуметтік желідегі оқырмандары бірі қалмай оның пікіріне қолдау білдіріп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева