- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құрамындағы холестерин деңгейі...
Құрамындағы холестерин деңгейі жоғары ет түрі аталды
Майлы шошқа етінің құрамында холестерин деңгейі айтарлықтай жоғары. Бұл туралы нутрициолог, диетолог Евгений Арзамасцев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24" сілтеме жасап.
"Холестерин жануардың барлық дерлік майларында болады. Ет неғұрлым майлы болса, соғұрлым оның құрамында бұл зат көп болады. Майлы шошқа етінде әдетте майлы сиыр немесе қой етіне қарағанда май көп болады", - деп түсіндірді сарапшы.
Оның айтуынша, диетадағы шошқа етінің артық мөлшері ағзадағы зиянды холестерин деңгейін жоғарылатады.
Бұл өз кезегінде қартайған сайын тамырлардағы атеросклеротикалық өзгерістердің даму қаупін арттырады. Арзамасцев ең жақсы ет күркетауық екенін атап өтті, өйткені оның құрамында холестерин аз.
Тағы да оқи отырыңыздар: Кілемді жылына неше рет жуу керек?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә