Өнерде де, өмірде де бірге жүрген жарасымды жұп Мирас пен Құралай Бекжановтар "ХабарLike" телебағдарламасына берген сұхбатында отбасылық қағидаларын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мирас Бекжановтың сөзінше, ол жары Құралай мен ата-анасының қарым-қатынасын құпия айла арқылы нығайтып жүрген.
"Мен жастарға құпиямды ашайын. Ақтөбеде енді үйленіп, жас-жұбай болып жүрген кезде Құралай 4-5 жерде жұмыс істейтін. Сонда мен Құралайды жұмыстан кейін үйге алып қайтатынмын, ол шаршап келе жатады, мен оны байқайтынмын, ішімнен "қазір үйге барып құлайтын шығар" деп ойлайтынмын. Ол кезде біз менің ата-анаммен бірге тұратын едік. Құралай ол кезде жаңа түскен келін еді. Сонда мен Құралайға "ата-анам сені қатты мақтап жатыр, үйге кім келсе де "алла бізге керемет келін берді" деп мақтанып жатады, мен соған қуанамын" дейтінмін. Мұны естіген Құралай мәз-мейрам. Үйге келгенде бүкіл шаршағанын ұмытып, ата-анамның бетінен сүйіп, одан сайын мақтасын деп үй жинап, тамағын істейтін. Көрдіңіз бе? Мен осылай әке-шешем мен Құралайдың арасын байланыстыратын едім. Мен мұны қазіргі жастарға сабақ ретінде айтып отырмын, құлақтарына "алтын сырға", - деді әнші.
Тағы да оқи отырыңыздар: Климакстың алғашқы белгілері қандай?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз