Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ай сайынғы жалақысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімі Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.
"Құпия емес: қолыма 1 миллион 900 мың теңге түседі. Әкімдердің базалық жалақысы бірдей. Мұнда мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі ескеріледі", - дейді облыс әкімі.
Еске салайық, бұған дейін Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи жалақысы қанша екенін айтқан болатын. Оның сөзінше, қала әкімі ай сайын 840-850 мың алады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!