Полицейлер аса ірі көлемде есірткі сатқаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 26 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу барысында оның есірткі саудасын жасырын орындар арқылы жүзеге асырғаны анықталды.
Қылмыскер жеке үйде жасырынған, ал оның арнайы жабдықталған құпия бөлмесіне кіретін есік диванның артында орналасқан.
Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз