Құны миллиард теңгеге жуық табиғи байлық елден заңсыз шығарылған

ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті Қаражал қаласындағы "Восточный" карьері аумағында марганец кенін заңсыз өндіру схемасын ұйымдастырған адамдарды әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдіктілер заңсыз кен өндіру үшін ауыр карьер техникасын - экскаваторлар, тиегіштерді пайдаланған.

Карьер аумағында өндірістік база жабдықталып, өндірілген шикізат ұсақтау-жуу кешені арқылы өңделген. Кейін кен жүк көліктерімен ел аумағынан тыс жерге шығарылған.

"Нәтижесінде сатылған марганец кенінің көлемі 4 мың текше метрден, ал құны 950 млн теңгеден асқан. Тергеу жалғасып жатыр", - деді ҚМА өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!