- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құны 960 миллионнан...
Құны 960 миллионнан асатын темекі сатпақ болғандар ұсталды
Фото:
Тұрар Қазанғапов
Батыс Қазақстан облысының төрт тұрғыны заңсыз темекі мен алкоголь өнімдерін сатпақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бір топ адамнан жалпы сомасы 967,5 миллион теңгеден асатын 1,6 миллион қораптан аса темекі өнімдерінің ірі партиясы, сондай-ақ, заңсыз есепке алу-бақылау таңбалары бар алкоголь өнімдері тәркіленген.
Заңсыз темекі бұйымдары Қырғыз Республикасынан тасымалданған. Ол Орал қаласында сақталып, сатылған.
Сот үш айыпталушыға бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, тағы бір айыпталушы 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова