Құны 2 млрд теңгеден асады: Алматыда теміржол ауруханасының ғимараты мемлекетке қайтарылды

Алматы прокуратурасы қала орталығында орналасқан теміржол ауруханасының ғимараты мен жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2018 жылы бірқатар мәміле нәтижесінде бұрын Теміржол апаттар медицинасы госпиталіне тиесілі болған денсаулық сақтау нысаны мен жер учаскелері жеке меншікке заңсыз берілген.

Осылайша жер және мемлекеттік мүлік туралы заңнама талаптары бұзылған.

Алмалы ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару жөніндегі мәмілелерді жарамсыз деп таныды.

"Сот шешімі заңды күшіне енді, апелляциялық шағым қанағаттандырылмады. Нәтижесінде мемлекет меншігіне жалпы аумағы 0,3 гектар болатын екі жер учаскесі және ауданы 1 628 шаршы метр болатын ғимарат қайтарылды. Қайтарылған мүліктің жалпы құны 2 млрд теңгеден асады", - деп жазылған Алматы қаласы прокуратурасы хабарламасында.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!