Құны 2 млрд теңгеден асады: Алматыда тау бөктеріндегі жер телімі мемлекетке қайтарылды

Алматы прокуратурасы Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімін мемлекетке қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауданы 4,2 гектар болатын жер учаскесі жеке меншікке заңсыз берілгені анықталған.  

"Даулы жер учаскесі сауықтыру мақсатындағы жерге жатады. Алатау ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп таныды", - деп жазылған хабарламада.

Алматы қалалық сотының сот алқасы бірінші сатыдағы шешімді күшінде қалдырды. Қабылданған шаралар нәтижесінде құны 2 млрд теңгеден асатын даулы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы прокуратурасы "Медеу" өңірлік табиғи паркімен шекаралас 288 гектар жерді мемлекетке қайтарып берді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!