Құны - 187 млн теңге: ҰҚК 500 мыңнан аса темекі қорабын тәркіледі

ҰҚК заңсыз темекі тасымалдау арнасын жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

5 ақпанда Жамбыл облысының Қарасу елді мекенінде ҰҚК шекара жасағы темекінің ірі партиясын (535 мыңнан аса қорап) тасымалдау әрекетінің жолын кескен.

"Темекі бұйымдары көрші елден Қазақстанға ілеспе құжаттарсыз жеткізіліп тұрған. Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 187 млн теңгеден асады", - деп жазылған хабарламада.

ҰҚК баспасөз қызметі

Мәліметке сүйенсек, жүк әрі қарай қаралуы үшін тиісті органға берілген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз