• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Құны 18 млн теңге тұратын вейптер тәркіленді

Құны 18 млн теңге тұратын вейптер тәркіленді
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Екібастұзда полиция 18 млн теңгенің вейпін тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екібастұзда электрон темекінің заңсыз айналымы тоқтатылып, 2500-ге жуық вейп тәркіленді. Полицейлер тауарды Шешембеков көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінен тауып алды. Заңсыз тауардың партиясы сатуға арналғаны белгілі болды.

Күдікті танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің арналарын қолдана отырып, интернет дүкен арқылы вейптерді сатқан. Электрон темекіні заңсыз сатып, таратты деген күдікпен 20 жастағы ер адам полицияға жеткізілді.

"Қазір темекі өнімдерінің, электрон тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді Павлодар облысының полиция департаменті өкілі.

Полиция 2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстанда никотинді (вейптерді) және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынудың электрон жүйелері айналымына тыйым салатын заң күшіне енгенін еске салады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget