Құны 17 млрд теңгеден асады: Алматыда дау туғызған жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Құны 17 млрд теңгеден асады: Алматыда дау туғызған жер телімдері мемлекетке қайтарылды
Фото: depositphotos.com

Алматы прокуратурасы "Медеу" өңірлік табиғи паркімен шекаралас 288 гектар жерді мемлекетке қайтарып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жалпы ауданы 288 гектар болатын 2 жер телімі жеке меншікке заңсыз берілгені анықталды. Дау туғызған жер телімдері ауыл шаруашылығы мақсатындағы су қоры бар жерге жатады және сатылмайды.

Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапты. Алматы қалалық сотының сот алқасы бірінші сатыдағы шешімді күшінде қалдырды.

"Қабылданған шаралар нәтижесінде құны 17 млрд теңгеден асатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды", - деп жазылған Алматы прокуратурасының хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget