Құны 100 млн болатын құстарды шекарадан алып өтпек болған азамат ұсталды

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енгізілген 11 ителгіні ел аумағынан заңсыз алып шығу әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Massaget.kz ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2026 жылғы 31 қазанда "Целинный" өткізу пунктінде болған. Шекарашылар сирек кездесетін құстарды контрабандалық жолмен шетелге әкетпек болған Қазақстан азаматын ұстады.

Алдын ала мәлімет бойынша, тәркіленген ителгілердің қара нарықтағы жалпы құны 100 миллион теңгеден асуы мүмкін.

Аталған дерекке қатысты материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.