- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құны 1 миллиард...
Құны 1 миллиард теңгеден асатын комбинат мемлекетке қайтарылды
Маңғыстау облысында құны 1 миллиард теңгеден асатын комбинат мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2019 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және көму комбинаты "Тазалық-С" ЖШС сенімгерлік басқаруына берілген.
Жаңаөзен қаласының прокуратурасы мәліметінше, ЖШС оған комбинатты беруге негіз болған міндеттемелерін орындамаған.
Соның ішінде комбинат арнайы техникамен толық қамтамасыз етілмеген, қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі кеңейтілмеген, полимер құбырлар өндірісі іске асырылмаған.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Жаңаөзен қаласының әкімдігі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына сенімгерлік шартты тоқтата тұру туралы талап арыз беріп, ол қанағаттандырылған.
Апелляциялық сатыда сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Нәтижесінде құны 1 миллиард теңгеден асатын кешен жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне қайтарылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова