Қорғаныс мақсатындағы құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы қадағалау шаралары барысында Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің біріне тиесілі, жалпы аумағы 87 гектардан асатын жер учаскесі 1999 жылы заңсыз жеке меншік құрылымдардың пайдасына берілгенін және кейін бірнеше мәрте қайта сатылғанын анықтаған.
"Гарнизон прокуратурасы әскери бөліммен бірлесіп, сот тәртібімен сатып алу-сату шарттары жарамсыз деп танылуын қамтамасыз етті. Нәтижесінде құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, әскери ведомствоның балансына берілді", - деп жазылған Бас әскери прокуратура хабарламасында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!