Сомнологтар өзіңізге қалыпты ұйқыға қанша уақыт қажет екенін есептеу үшін бақылау жүргізуге кеңес береді, - деп хабарлайды Tengri Life тілшісі DoctorPiter мәліметіне сілтеме жасап.
Сарапшылар жасына байланысты орташа ұйқы стандарттарын көрсетті:
"Жеткілікті ұйықы - ол кешке 15 минут ішінде ұйықтап кету және таңертең оянғанда 15 минут ішінде әдеттегі іс-әрекеттерге қосылып кету", - дейді сомнологтар.
Бұл ретте дәрігер ұйқының нормасын демалыс кезінде анықтауға тырыспауға кеңес береді. Өйткені ол кезде біз демаламыз және төсекте қажет болғаннан көп уақыт өткізгіміз келеді.
"Егер үнемі қажетті мөлшерден ұзағырақ ұйықтасаңыз, бұл ұйқы сапасының төмендеуіне әкеледі: ұйқы бұзылады, содан кейін созылмалы ұйқысыздық пайда болады", - деп ескертеді дәрігер.
Ұйқының жеке нормалары өмірдің әртүрлі кезеңдерінде өзгеруі мүмкін екенін ескеру маңызды. Мысалы, аурған кезде, шаршау кезінде, әйелдерде жүктілік кезінде. Ауа райы да әсер етуі мүмкін - күзде және қыста барлығы дерлік ұзағырақ ұйықтағысы келеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!