• 519.19
  • 490.7
  • 5.29

Күніне қанша ірімшік жеу ағзаға қауіп төндірмейді?

Күніне қанша ірімшік жеу ағзаға қауіп төндірмейді?
Фото: depositphotos.com

Гастроэнтеролог Евгений Белоусов ірімшіктің адам денсаулығына қауіпсіз мөлшерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

Белоусов тәулігіне 30-50 грамм ірімшік жеуден адам артық салмақ жинамайтынын және бұл денсаулыққа зиян келтірмейтінін айтты. Оның сөзінше, бұл мөлшерден адам өзіне керек кальций мен ақуыз дәрумендерін ала алады.

"Артық тамақтану, әсіресе ірімшік порциясының мөлшері 100 грамнан асса, қосымша салмақ жинау қаупін тудырады. Бұл өз кезегінде аурудың дамуын әсер етеді. Әсіресе жүрек, қан тамырлары мәселелері бар науқастарда бұл ауру қозуы мүмкін", - дейді маман.

Сондай-ақ шектен тыс ірімшік жеу бүйрекке де зиянын тигізеді. 

"Пармезан және Грюйер сияқты қатты және жартылай қатты ірімшіктер ең пайдалы болып саналады.  Өйткені олардың құрамында жоғары сапалы ақуыз және сүйектер мен тістердің сау болуына қажет кальцийдің айтарлықтай мөлшері бар. Сондай-ақ жұмсақ ірімшіктерге қарағанда олардың калориясы аз", - деді гастроэнтеролог.

Еске салайық, бұған дейін мамандар саңырауқұлақ мен ірімшікті неліктен бірге тұтынбаған абзал екенін айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Литпин