Дәрігерлердің пікірінше, бір күнде денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін бес мандариннен артық жеуге болмайды, өйткені аллергия туындауы мүмкін. Сондай-ақ, асқазан-ішек аурулары мен қант диабетіне шалдыққандар цитрусты жемістерде жегенде абай болуы керек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta-ға сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, мандариндер ісікке, күйзеліске қарсы әсерге ие, оның үстіне қартаюды бәсеңдетуі де мүмкін. Сондай-ақ, ол жасушаларды химиялық реакцияларға оңай енетін жоғары белсенді молекулалардан сақтай алады.
Бірақ асқазан-ішек жолдары аурулары кезінде мандаринді сақтықпен жек керек және оларды аш қарынға жеуге болмайды екен. Ал қант диабетімен ауыратын адамдарға цитрус жемістеріне әуес болмаған жөн, өйткені бұл жемістерде қант бар. Сонымен қатар, мандаринді көп мөлшерде жеуде аллергия тудыруы мүмкін.
"Күніне екі үлкен жеміс жеу - негізгі рационға жақсы қосымша. Сондықтан цитрус жемістері көп болатын маусымда төрт-бес мандарин пайдалы болады. Ашық түсті, біркелкі, дақтары жоқ жемістерді таңдаңыз. Мандариндерді жылы сумен және сабынмен жууды ұмытпаңыз", - деп кеңес берді мамандар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!