Күніне қанша балмұздақ жеуге болады?

Күніне бір балмұздақтан артық жемеген дұрыс, себебі бұл өнімде 400 калорияға дейін болады. Бұл жайлы "NewsInfo.ru"-ге диетолог Анжелика Дюваль айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Диетолог мұндай калорияны жұмсауға екі сағат физикалық еңбек қажет екенін айтты.

"Жалпы күнде балмұздақ жемеген дұрыс", - деді ол.

Анжелика Дюваль бояғыштары, химиялық элементтері, эмульгаторлары мен консерванттары аз балмұздақты таңдауға кеңес берді.

"Бастысы - табиғи өнім таңдауға тырысу. Оның түрі әдемі болмай-ақ қойсын. Мысалы, өзіңіз үйден тосаппен безендіріп алыңыз. Сондай-ақ балмұздақты күннің бірінші жартысында жеңіз. Сол кезде одан алған калорияны күні бойына қозғалу арқылы жұмсайсыз", - деді маман.

Диетолог балмұздақты далада жегенде абай болу керегін айтты. Себебі балмұздақтың текстурасы жабысқақ, сондықтан оған ауада ұшып жүрген нәрселер қонады.

"Балмұздақты ғимарат ішінде жеген дұрыс. Бір жағынан ғимарат ішінде қол жууға да мүмкіндік бар", - деді диетолог.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз