Тәтті тағамдар - көпшілік адамның рационында кездесетін қарапайым компонент. Адамның тәтті жегісі келуі - қалыпты нәрсе, бірақ печенье немесе шоколадтарды қаншалықты жиі жегіңіз келетінін түсіну керек. Егер күніне 1-2 рет тәтті бірдеңе жегіңіз келсе, бұл қалыпты, ал егер одан жиі жегіңіз келсе немесе тәттіні әр көрген сайын жегіңіз келіп, оны сатып алсаңыз, бұл сізді ойландыруы керек. Эндокринолог Роман Терушкин "LIFE.ru"-ге тәттіге құмарлықтың негізгі себептерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маман тәттіге құмарлық рационда ақуыз жетіспеген кезде пайда болатынын айтты.
"Әдетте тәттіге деген құмарлық рационда ақуыз аз болған кезде пайда болады. Ақуызды өнімдер бізді құрылыстық материалмен және энергиямен қамтамасыз етеді. Әдетте ол жетіспегендіктен, біз энергия "мөлшерін" алу үшін тәтті жейміз. Алайда ол аз уақытқа ғана жетеді. Сондықтан адам тіскебасар жей береді: әр кәмпит немесе шоколад бөлігі инсулинді көтереді. Нәтижесінде бұл инсулилин резистенттіліктің дамуына әкеліп, диабет қаупін арттырады", - дейді Роман Терушкин.
Роман Терушкиннің айтуынша, тәттіге құмарлық асқазан-ішек жолы жұмысындағы проблеманы да көрсетуі мүмкін. Ол кез келген нәрсемен, мысалы, күйзеліспен байланысты болуы мүмкін. Күйзеліс үшін өт қабының жұмысы бұзылады да, өт ішекке түспей қояды. Осының фонында ішек микрофлорасының тепе-теңдігі бұзылып, тәттіні талап ететін микроағзалардың көбейіп кетеді.
Тәттіге деген құмарлықтың тағы бір мүмкін себебі - паразиттер.
Сондай-ақ тәттіге құмарлық менталды проблемалардың салдарынан болады. Біз десерттерді жеген кезде бақыт гормоны бөлінеді. Егер адам мысалы, депрессияда болса, шаршап жүрсе, энергиясы жоқ болса, ол десерттер мен шоколадтар жеу арқылы оның орнын толтыруы мүмкін.
"Тәттіге құмарлық - патология емес, ағзада қандай да бір ауруға айналуы мүмкін процестің симптомы. Сондықтан бұл жағдайға аса мән беру керек. Егер оның себебі психологиялық болса, психологқа барыңыз. Егер оның себебі физиологиялық болса, терпаевт, эндокринолог және нутрициолог мамандарына қаралған жөн", - деп кеңес берді дәрігер.
Оқи отырыңыз: Тамаққа тұзды көп қолданатыныңызды көрсететін 9 белгі
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!