Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтіп жатқанына байланысты қонақүйлер бағасын кенет көтеріп жібергені анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елордадағы қонақүйлердің бағасын зерттеп, салыстырып көріп едік, қонақүйдің біркүндік бағасына шетелде бір апта демалуға болады екен. Тіпті, рейтингі жоғары кей қонақүйде бос орын жоқ.
Мысалы, "The St.Regis Astana" қонақүйінде бір күнге қалу үшін 800 мың теңге төлеуіңіз керек, ал "Hilton Astana" қонақүйінің біркүндік бағасы 549 177 теңге.
"The Ritz-Carlton Astana" қонақүйінде қалғыңыз келсе де, бос орын табылмайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!