Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус таралуына қатысты болжамды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Денсаулық сақтау министрлігі ай сайын алдағы үш айға болжам жариялап отырады. Пессимистік сценарий бойынша күніне 4 мың науқасқа дейін тіркеледі. Реалистік сценарий бойынша күніне 2,5 мың адамға дейін анықталады. Оптимистік сценарий бойынша күніне мың науқасқа дейін тіркеледі. Коронавирус жұқтыру тамыз бойы жалғасып, қыркүйекте азаяды", - деді Ғиният ОКҚ-дағы брифингте.