- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күнкөріс қиындап барады:...
Күнкөріс қиындап барады: елде табысы азық-түліктен артылмайтын отбасылар көбейген
Биыл жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 177,8 мың үй шаруашылығы бар - бұл былтырмен салыстырғанда 9,4 пайыз артық. Бұл ҚР-дағы барлық үй шаруашылықтарының 5,1 пайызы. Мұндай үй шаруашылықтарында 1 миллион адам өмір сүреді, көрсеткіш бір жылда 4,7 пайыз көбейген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Қалаларда 88,6 мың осындай үй шаруашылығында 455,7 мың халық болса, ауылдарда - 89,2 мың үй шаруашылығы бар, онда 560,8 мың адам тұрады.
Табысы азық-түлік себетінен артылмайтын үй шаруашылықтарына келетін болсақ, олардың саны 9,4 мың - былтырғыдан бірден 2,6 есе көп. Бұл елдегі барлық үй шаруашылықтарының 0,3 пайыз-ы. Онда 59,5 мың адам өмір сүреді - былтырғыдан 2,7 есе көп. Қалаларда 24,2 мың халқы бар 4,2 мың осындай үй шаруашылығы, ауылдарда 35,2 мың халқы бар 5,2 мың үй шаруашылығы тіркелген.
Өңірлік бөліністе табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын үй шаруашылықтарының ең көп саны Түркістан облысында тіркелді: 27 мың - бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,3 пайыз-ға аз. Оларда 207,7 мың адам тұрды, 4,8 пайыз азайған.
Бұдан әрі Алматы (18,5 мың, 40,5 пайыз көбейген) және Шымкент (13 мың, 8,7 пайыз көбейген). Алматыда мұндай үй шаруашылықтарында 98,1 мың адам, Шымкентте 76,8 мың адам тұрады.
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен үй шаруашылықтары ең аз өңір Ұлытау облысы: 1,6 мың - былтырғымен салыстырғанда 86,8 пайыз көп. Онда 9,9 мың адам тұрады.
Биыл жылдың екінші тоқсанындағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің орташа шамасы жан басына шаққанда айына 47,9 мың теңге болды - бұл былтырғымен салыстырғанда 11,1 пайыз артық. Сонымен бірге, тұтынуға пайдаланылған кірістер 88,4 мың теңгеге жетіп, бір жылда 15,4 пайыз өсті. Тұтынуға пайдаланылған кірістердің ең төменгі күнкөріс деңгейіне қатынасы бір жыл бұрынғы 177,8 пайыз болса, қазір 184,7 пайыз болды.
Қарапайым тілмен айтқанда, ең төменгі күнкөріс деңгейі өмір сүру үшін жеткіліксіз.
Тұтынуға пайдаланылған кірістер мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің арасындағы ең үлкен алшақтық Алматыда байқалады: мұнда қатынас 240,2 пайыз. Бұдан әрі Қарағанды (238,2 пайыз) және Солтүстік Қазақстан (231,8 пайыз) облыстары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина