- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күнге күйіп кеткен...
Күнге күйіп кеткен шашты қалай құтқаруға болады?
Күнге күйіп кеткен шашты құтқару үшін ылғалдандырушы сусабындар мен кондиционерлер қолдану керек. Бұл жайлы трихолог Виктория Ощепкова "Газетой.Ru"-ге айтып берді. Оның айтуынша, сондай-ақ шаш қалыпқа келгенше фен, шашты түзететін және бұйралайтын құралдарды қолданбаған жөн, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Құрамында сульфаты жоқ құралдар қолдануға тырысыңыз. Себебі көпіретін компоненттер шашты және бас терісін кептіріп жіберуі мүмкін. Сондай-ақ құрамында гиалурон қышқылы, пантенол, авокадо майы немесе кокос майы секілді ылғалдандырушы компоненттері бар құралдар қолдану керек. Олар шаштың жоғалтқан ылғалы мен жалтырын қайтаруға көмектеседі", - дейді маман.
Трихолог сондай-ақ майлары, протеині және дәрумендері бар қоректік маскалар пайдалануға болатынын айтты. Солардың арқасында шаштың құрылымы қалыпқа келеді. Егер фен немесе шашты бұйралайтын құралды қолдану қажет болса, оған термо-қорғаныш құралын жағу ұсынылады.
"Шаш түйіндерін қалыпқа келтіретін салондық күтім процедураларын да қолданыңыз. Олар қалыпқа келу процесін жылдамдатады", - дейді трихолог.
Сондай-ақ рационға А, Е, С, В дәрумендеріне және мырыш, темір, күкіртке бай өнімдерді қосқан дұрыс.
Оқи отырыңыз: Дерматолог адамдар жазда жиі жіберетін 4 қателікті атады
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова