Күн сәулесі көңіл күйді көтереді және хал-жағдайды жақсартады, D дәруменінің бөлінуіне ықпал етеді, зат алмасуды жылдамдатады және иммунды жүйеге жағымды әсер етеді. Алайда кей адамдар күннің астында жүрсе және күннен қорғайтын крем қолданса да, бетіне немесе денесіне аллергия шығып кеткенін байқайды. Не үшін күнге аллергия пайда болады? Massaget.kz күнге аллергияның белгілері мен оның алдын алу шараларын ұсынады.
Күнге аллергия (фотодерматит, фотодерматоз) - терінің ультракүлгін сәулелерге жоғары сезімталдығынан пайда болатын ауру. Мұндай аллергия кезінде әдетте күннің астында бірнеше сағат болғанның өзінде теріге бөртпе шығып кетеді және ол қышиды.
Күн сәулесіне сезімталдықтың дамуы әдетте жасөспірім кезеңінде пайда болып, бірақ кейін жыл сайын теріге бөртпе шығып кетуі мүмкін. Әдетте симптомдар ультракүлгін сәулеленуді әсерітоқтағаннан кейін бір-екі апта ішінде өздігінен жоғалады, бірақ кейбір жағдайларда ол арнайы емді қажет етуі мүмкін.
Әдетте күнге аллергия жаздың басы мен ортасында пайда болады. Ал иммунды жүйе күнге бейімделе бастағанда симптомдар жоғалады.
Күнге аллергияның себебі әлі күнге дейін белгісіз. Әдетте ол фотосезімталдығы бар адамдарда пайда болады, яғни бұл терінің ультракүлгін сәулеленуге реакциясы жоғары деген сөз.
Ультракүлгін сәулелену - бұл күн сәулесінің толқын ұзындығы, ол адам көзімен қабылдау үшін тым қысқа. Жерге дейін жететін және теріге зиянды ультракүлгін сәулелер толқын ұзындығы бойынша екі түрге бөлінеді — А ультракүлгіні (UVA) және В ультракүлгіні (UVB).
Жарыққа сезімталдығы бар адам күннен қорғайтын құрал қолданғанның өзінде ультракүлгін сәулеленудің екі түріне де әсер береді.
Фотоаллергиялық реакция кез-келген адамда пайда болуы мүмкін, бірақ соған қарамастан ғалымдар оның пайда болу ықтималдығын арттыратын бірнеше факторларды анықтады:
Күнге аллергия жиі мына топтағы адамдарға шығады:
Диагнозды дерматолог немесе аллерголог мамандары қояды. Әдетте, ішкі ауруды тудырмаған фотодерматит антигистаминдік және қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен, сондай-ақ жараларды емдейтін мазьдермен емделеді. Егер онда инфекция болса, дәрігер қосымша антисептиктер мен бактерияға қарсы препараттарды тағайындайды. Аллергия асқынған болса, дәрігер күшті кортикостероидты дәрі тағайындай алады, ол тек рецепт бойынша беріледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!