Қаржы пирамидасын жарнамалап, істі болған вайнер Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева күйеуінің түрмедегі жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Танымал блогер әрі кәсіпкер Дана Есеева бұл туралы Виктория Новичковаға берген сұхбатында айтты.
"Бұрын Мейіржан тергеу изоляторында болды. Ұзақ уақыт күтіп, тек 10-15 минут қана кездесе алатын едік. Қазір ол Алматыда, Павлодардан осында ауыстырылды. Күндіз жұмыста, кешке колонияға оралады", - деді әйелі.
Еске салайық, Мейіржан Төребаев былтыр жаңа жылдың алдында отбасына келіп, 10 күн демалып кеткен болатын. Ол қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін сотталған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!