- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күнделікті жүру қарқыны...
Күнделікті жүру қарқыны арқылы қант диабетіне шалдығу ықтималдылығын азайта аласыз
Ғалымдар белгілі бір жылдамдықпен жүру әдеті екінші типтегі қант диабетінің даму қаупін айтарлықтай төмендететінін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Доктор Питерге сілтеме жасап.
Иран ғалымдары жылдам қарқынмен жүретін адамдарда екінші типтегі қант диабетінің даму ықтималдығы 39 пайызға төмендейтінін анықтады.
Жаяу жүрудің баяу және жылдам қарқындары:
- 3,2 км/сағ дейін - баяу қадам;
- 3,2-4,8 км/сағ - орташа қарқын;
- 4,86,4 км/сағ - жеткілікті жылдам жүру;
- 6,4 км/сағ - жылдам қадам.
"Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, екінші типтегі қант диабетінің даму ықтималдығы 4 км/сағ және одан жоғары жылдамдықпен жүрген адамда айтарлықтай төмендейді. Сонымен қатар, жылдамдықты әр сағатқа қысқартып отыру тәуекелді 9 пайызға азайтады. Жалпы алғанда, өте жылдам қадаммен жүретін адамдарда қант диабетінің даму қаупі 3 км/сағ-тан төмен жылдамдықпен жүретіндерге қарағанда 39 пайызға аз", - деген Иран ғалымдары.
Айта кетейік, эндокринолог Юлия Ивченко екінші типтегі қант диабетіне әкеп соқтыратын 3 әдетті атады. Бұл көмірсулардың көп мөлшері бар жоғары калориялы тамақтану, отырықшы өмір салты және алкогольді көп ішу. Егер осы үш фактордан арылып, жиі серуендесеңіз, ауруға шалдығу қаупін азайтуыңыз мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін тырнағыңыздағы бұл өзгеріс қант диабеті туралы ескертуі мүмкін екені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Әлеуметтік желілер адамға қалай әсер етеді?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә