- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күнде зімбір суын...
Күнде зімбір суын ішсеңіз не болады?
Зімбір өзінің ерекше дәмімен және хош иісімен танымал. Ол медицинада және асүйде бұрыннан қолданылады. Зімбірді қолданудың бір әдісі – оны суға салып, шөлді қандыратын және денсаулыққа пайдасын тигізетін сусын жасау. Tengri Life күнде зімбір қосылған суды ішудің пайдалы тұстарын атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Зімбір шынымен де пайдалы қасиеттерге ие. Ол зерттеулермен дәлелденген. Зімбірдің тамыр сабағында биоактивті компонент – гингерол бар. Осы зат зімбірге ащылау дәм береді. Сондай-ақ зімбір көптеген минерал мен аминқышқылға, C, B, E, және K дәрумендеріне бай. Сондықтан да зімбір қосылған су дәрумендерге толы сергітетін таңғы сусын ретінде танымал бола бастады.
Зімбірдің пайдалы қасиеттері
Қабынуға қарсы әсер
Зімбірдің тамыр сабағындағы гингерол күшті қабынуға қарсы әсерге ие. Халықтық медицинада буындарды зімбір көмегімен емдейді. Ол қабынған буындардағы ауырсынуды тиімді басып, олардың қозғалғыш болуына ықпал етеді.
Асқорытуды жақсартады
Зімбірді жиі асқазан-ішек жолы бұзылыстарын емдеуде жиі қолданады. Белсенді заттар газды шығаруға ықпал етеді және ұйқы безінің ферменттер бөлуін жылдамдатады. Осылайша, ол зат алмасуды жақсартады. Оған қоса, ол тоқтық сезімін сыйлайды, сондықтан ол арықтауға көмектеседі.
Жүрек айнумен күреседі
Зімбір - жүрек айнуды кетіретін жақсы құрал. Алайда жүкті және бала емізетін әйелдер зімбірді рационға қоспас бұрын дәрігер кеңесін алуы керек.
Зімбірді кімдерге жеуге болмайды?
Зімбірдің қоректік заттарға толы екеніне және жалпы денеге пайдалы әсер ететініне қарамастан, оны қалыпты мөлшерде тұтыну керек.
Мынадай жағдайларда зімбірден бас тартқан дұрыс:
- қантты төмендететін дәрілер мен қан сұйылтқыштарды қабылдау кезінде, өйткені зімбірдің өзі қанның ұю қабілетін төмендетеді;
- ішектің қабыну ауруымен (мысалы, гастрит);
- жүрек ауруларының, өт қабының, бауырдың өршуі кезінде;
- шырышты қабықтың зақымдалуымен және қан кетумен ауырғанда;
- кейбір қабынуға қарсы препараттарды қабылдау кезінде (аспирин, анальгин, ибупрофен және т.б.);
- тым жоғары температурада;
- жүктілік кезінде;
- үш жасқа дейінгі балалар.
Зімбірді көп мөлшерде қолдану денсаулыққа байланысты жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін. Оның тәуліктің нормасы жайлы білген жөн: ол кез келген түрде тәулігіне 4 грамнан аспауы керек.
Зімбір қосылған су - денсаулыққа пайдалы және өмірлік тонусты сақтауға арналған сусын. Бұл сусынды ішу иммунитетті арттыруы, асқорытуды жақсартуы, қабынуды басуы және энергияны арттыруы мүмкін. Алайда зімбір қосылған суды күнде ішпеген жөн.
Оқи отырыңыз: Аш қарынға ішу керек 5 сусын
А. Жапатова