- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күнде велосипед тебудің...
Күнде велосипед тебудің пайдасы
Велосипед – көлік құралы ғана емес, сондай-ақ белсенді өмір салтын сақтауға жақсы мүмкіндік. Күнде велосипед тебу денсаулығыңыз бен хал-жағдайыңызға жағымды әсер етеді.
Жүрек-қан тамырлар жүйесін қатайтады
Күнде велосипед тебу жүрек-қан тамырлар жүйесінің қатаюына ықпал етеді. Жүйелі түрдегі кардиожүктеме жүрек жұмысын жақсартуға, қысымды түсіруге және төзімділік деңгейін арттыруға көмектеседі.
Дене пішінін жақсартады
Велосипед тебу аяқ, жамбас, арқа және қол бұлшықеттерін іске қосады. Бұл бұлшықеттердің қатаюына, координациянң жақсаруына ықпал етеді.
Салмақты бақылауға көмектеседі
Велосипедпен байланысты жүйелі түрдегі физикалық жүктемелер калория жағуға және дұрыс салмақты ұстап тұруға көмектеседі. Бұл әсіресе артық салмақтан арылғысы келетін адамдар үшін жақсы келеді.
Күйзелісті азайтады
Велосипед тебу күйзелісті және мазасыздық деңгейін азайтады. Физикалық белсенділік бақыт гормоны – эндорфиндердің бөлінуіне ықпал етеді.
Көңіл күйді жақсартады
Велосипед тебу көңіл күйді жақсартып, психологиялық тонусты көтеруге көмектеседі.
Энергияны арттырады
Физикалық белсенділік қанайналымды ынталандырады және ағзаны оттекпен қанықтырады. Бұл энергияның артуына және сергек жүруге көмектеседі.
Күнде баспалдақпен шығу ағзаға қалай әсер етеді?
А. Жапатова