- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күнде таңертең тұтыныңыз:...
Күнде таңертең тұтыныңыз: ғалымдар жүректі жасартуға көмектесетін тағамды атады
Әлем бойынша мезгілсіз адам өлімінің себебінің бірі жүрек-қан тамыр аурулары. Дегенмен ғалымдар кейбір өнім жүректің саулығын нығайтып, өмірді ұзартуға көмектесетінін айтты. Бұл сіз ойлағандай қымбат әрі қолжетімсіз экзотикалық тағам емес, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Ғалымдардың мәліметінше, пайдалы, жүректі жасартатын өнім ол сұлы. Қарапайым сұлы сіздің таңертеңнен түске дейін тоқ жүруіңізге көмектеседі. Оның құрамында көптеген дәрумен, минерал, пайдалы антиоксидант және диеталық талшықтар бар. Сұлы пайдалы заттарға бай, соның арқасында бұл өнім сіздің жүрегіңізді жасартуға көмектеседі.
Сұлының адам ағзасына қандай пайдасы бар?
Холестеринді төмендетеді. Жүрекке ең қатты қауіп төндіретін - холестериннің жоғары деңгейі. Ол қан тамырларының қабынуын, ұлпалардың зақымдануын тудырып, инфаркт пен инсульт қаупін арттырады. Сұлы құрамында бета-глюкан бар, ол холестериннің дейгейін төмендетуге көмектеседі. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, 3 грамм бета-глюкан денсаулықты жақсартады.
Қысымды төмендетіп, салмақ тастауға көмектеседі. Жүрек-қантамыр жүйесіне қатысты тағы бір жиі кездесетін мәселе - қан қысымының жоғары болуы. Сұлы бұл мәселені шешуге көмектеседі және гипертония кезінде жеуге пайдалы.
Негізі артық салмақ азғаға өте зиян, ол буын мәселелерінен қатерлі ісікке дейінгі аурулардың пайда болуына түрткі бола алады. Салмақ тастаймын деп шешкен болсаңыз, өзіңізді азаптамай сұлыны тұтынсаңыз болады. Себебі, өнімнің калориясы төмен, бірақ тағамдық құндылығы жоғары: 100 грамм өнімде тек 68 калория бар. Сұлы ботқасы сізге ұзақ уақыт тоқтық сезімін беретіндіктен, артық тамақтанбайсыз.
Ас қорытуды жақсартып, қант диабетінен қорғайды. Сұлының құрамындағы бета-глюкан адамның асқазанында еріп, ас қорытуды жақсартады. Сонымен қатар, сұлы құрамындағы талшық тағамды қорытуға көмектесіп, іш қатудың алдын алады. Сұлы ботқасы қант диабетімен ауыратын науқастардың қандағы қант деңгейін төмендетуге көмектесетін көрінеді.
Демікпеден қорғайды және теріні әдемі, тегіс етеді. Ғалымдар ерте жаста сұлы жеу балаларды демікпенің дамуынан қорғай алатынын анықтаған. Оған қоса, сұлының құрамындағы С дәруменінің әсерінен тері тегіс болады, өйткені аскорбин қышқылы сұлулықтың негізгі ақуызы - коллаген синтезіне қатысады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жүктілік кезінде кофе ішуге бола ма?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә