Күнде таңертең ашқарынға су ішсе ағзада не болады?

Күнде таңертең ашқарынға су ішсе ағзада не болады?
Фото: depositphotos.com

Ашқарынға су ішу несімен пайдалы? Эндокринолог, диетолог Анна Кривошеева түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Mail-ға сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, таңертең ашқарынға 250-500 мл (1,5-3 кесе) ішу керек.

Бұл әдет ағзаға қалай әсер етеді?

Таңғы ас алдында су ішу күні бойы қабылданатын калория мөлшерін азайтады. Жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, суды жеткілікті мөлшерде тұтыну күнделікті калория мөлшерін азайтуға көмектеседі, өйткені ол қанықтылық сезімін арттырады.

Тағы бір зерттеу нәтижесі бойынша таңғы ас алдында су ішу келесі тамақтану кезінде калория мөлшерін 13 пайызға төмендетеді. Тағы бір зерттеуде қатысушылар түскі асқа дейін 30 минут бұрын су ішкен кезде ұқсас нәтижелер байқалды.

Танымдық қабілеттерін жақсартады. Дене салмағының 1-2 пайызына тең жеңіл сусыздану зейіннің шоғырлануына, қысқа мерзімді есте сақтау қабілетіне және физикалық қабілеттілікке теріс әсер етуі мүмкін.

Асқорыту жолдарының дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етеді. Шынында да, ашқарынға жылы су ішу ішектің қозғалғыштығын ынталандырады, ағзаны тазартуға көмектеседі.

Бас ауруларының алдын алады. Бас ауруының негізгі себебінің бірі - суды үнемі қабылдамау: сусыздану бас ауруына әкеп соқтыруы ықтимал.

Терінің күйін сақтауға көмектеседі. Сусыздандыру әжімдердің ерте пайда болуына әкеледі. Ашқарынға су ішу қан ағымын реттейді және шаш пен терінің сапасын жақсартады.

Бүйрек тастарының пайда болуына жол бермейді. Сондай-ақ ашқарынға су ішу - қуық инфекцияларының алдын алады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә